Атырау, 10 желтоқсан 22:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.08
€ 539.61
₽ 5.15

"Мемлекеттік тіл үшін кеше «Планета электроники»-ден, бүгін «Сулпак»-тан қуылдым". Көшербаевтың командасында кімдер қалады?

2 433 просмотра

BAQ.KZ. «Фейсбукте қызғаныш өрті қызып тұр» - Неміс зерттеушілердің айтуынша, достарыңыздың еңбек демалысын қалай өткізіп жатқанына, махаббатқа толы өмір мен жұмыстағы табыстарға Фейсбукте куә болу қызғаныш, қынжылыс пен жалғыздық сияқты сезімдердің тууына түрткі болуы мүмкін.

«Қазақстандық кәсіпкер Гиги Чаоның жүрегін жауламақ» - Жуырда оның әкесі әлемге жар салып, қызының жүрегін жаулаған ер жігітке теңіз жағалауынан салынған бір зәулім сарай мен 65 миллион АҚШ долларын беретіндігін мәлімдеген болатын. Миллиардер немереге зәру, өлгеннен кейін бүкіл дүнием талан-таражға түспей ұрпағыма қалса дейді ол. Мұны естіген қазақстандық кәсіпкер Қуандық Арсланов Гигиге сөз айтуға дайындалып жатыр.

MASA.KZ. «Мемлекеттік тіл үшін кеше «Планета электроники»-ден, бүгін «Сулпак»-тан қуылдым» - Ашық хаттың жай-жапсары.

NAMYS.KZ. «Майк Тайсон: Маған «жұлдыз» болғаннан гөрі мұсылман болу маңызды» - «Ашығын айтсам менің біреуге үлгі болатындай ісім жоқ. Бұрынғы нашақормын.  Сол өмірім үлгі болмақ па?! Әрине, жақсы төбелестім, оным адамдарға ұнады. Төбелес бұл хайуанның қылығы, басқа ештеңе емес. Егер менен біреу бірдеңе үйренгісі келсе, қателерімнен үйренсін».

HALYK-GAZETI.KZ. «Көшербаевтың командасында кімдер қалады?» - Әкім – халық қызметшісі. Әрине, мұндай қасиетке ел тізгінін ұстау «бақыты» бұйыр­ған басшылардың бәрі бірдей ие емес.

JASQAZAQ.KZ. «Жебеусіз қалған жетім немесе 21 жылдан кейін атамекеніне оралған жас жігіт далада қаңғып қалды» - «Тым құрымаса, соңғы рет зар-мұңымды халыққа жеткізейін деп едім! Бәлкім, араларыңыздан қол ұшын берер ізгі ниетті бір адам табылар».

HALYKSOZI.KZ. «Жарысқазан, жөргекпұл және жемқорлық» - Қазіргі талқылауларға қарасаңыз, зейнетақы қорларын тұралатқан басқа емес, жөргекпұл сұраған жүкті әйелдер сияқты елестейді көзіңізге. Шын мәнінде олай емес қой. Халықтың көбі екі бала, үш баламен шектеліп жатыр.

«№760. Ажалды рейс немесе әуе апаттарына кім жауапты?» - Деректерге сенсек, Көкшетаудан Алматыға бағыт алған №760 рейс Алматы әуежайына алғашында аман жетіп, жергілікті уақыт бойынша сағат 12:50-де қонуы керек екен. Алайда көз байланған қалың тұманнан сескенген диспетчерлер экипаж құрамына көкте бір айналым жасап келіп қайта қонуды бұйырған. Алайда олай болмады. Санаулы сәттерден кейін 21 адамның ғұмыры қиылып кете барды.

OTYRAR.KZ. «Сырттай білім алғандар жұмысқа қабылданбауы мүмкін» - ОҚО-да қазақ тілі пәні мұғалімі мамандығын сырттай оқыған азаматтар жұмысқа қабылданбауы мүмкін. Облыс әкімі Асқар Мырзахметов сырттай білім алғандардың мектепке орналасуына шектеу қоюды тапсырды. Өйткені, аймақта тіл үйрететін мамандар жаппай сырттай оқып, жұмысқа орналысатын болып алған.  

AZATTYQ.ORG. «Әзербайжан қаңтарды толқумен өткізді» - Президент сайлауы жақындаған сайын оппозицияның Әлиевке қарсылығы күшейіп келеді. Мамандар келесі жылы Әзербайжанда саяси дүрбелеңдер көп болады деп болжайды.

ZHASALASH.KZ. «Жоғалған 10 миллиард доллар далада жатқан жоқ» - Әу баста үкiмет 10 миллиард долларды қайта қайтарылады деген шартпен бергенi түсiнiктi. Ендiгi мәселе жетер жерiне жетiп, жұмсалып кеткен қаржы қайтарыла ма? Досаев банктер сатылған соң қаржы мемлекет қазынасына қайтып оралады деп сендiрдi. Алайда түбi жоқ күбiдей ақшаны асаған БТА-ны сатып алуға ниет бiлдiрген инвестор әзiрге жоқ. Альянс банктi сатып алуға құштарлық танытқан инвестор да көрiнбейдi.

AIKYN.KZ. «Арнайы экономикалық аймақ – шенеуніктер үшін қаймақ» - А.Рау «ең тиімсіз жұмыс жа­сай­тын арнайы аймақ – Атырауда» екен­ді­гін мойындады, әбден жемқорлық жай­лағандығы әшкереленген бұл өңірдегі АЭА-ға ендігі бюджеттен 14 миллиард теңге жұмсалып кетіпті. Соған қарамастан, «Атырауда кластерлік кәсіпорындар желі­сінің қанат жаймағандығын» мойындаған министрліктің биік лауазымды өкілі алда олардың өркендейтіндігінен үміт білдір­ді.

ALASHAINASY.KZ. «Халық қамын кейінге ысырып қойған құқық қорғаушыларға деген ел сенімін қайтсек көтереміз?» - Бас прокурордың хабарлауынша, бүгінде қазақ­стан­дықтардың басым бөлігі құқық қорғау орган­дарына сен­бей отыр.  Оның бірнеше себебі бар. «Біріншіден, бүгінде қазақ­стан­дықтар құқық қорғаушылардың қызметін жеке бастың қауіпсіздік деңгейімен баға­лайды. Ал полицейлер өз еңбектерін жоғары жаққа беретін есеппен еселеп, халықтың қамын кейінге ысырып оты­ра­ды.

EGEMEN.KZ. «Бекіре акватехнология бойынша өсіріледі» - Бүгінде дәмі тіл үйірген бе­кіре балығы мен уылды­ры­ғы, оның бал татыған сорпасы өзге өңірді айтпағанда Жайық өзенінің жағасында қоныстанған тұрғындардың да тек түстеріне кіретін болды. Өйткені, мұндағы бекіре тұқымдас балық түрлері мүлдем құрып кетудің, сөй­тіп, қызыл кітапқа кірудің аз-ақ алдында тұр.

KAZAKH.IRIB.IR. «Ресей әскерінің штабының басшысы осы елдің үлкен соғысқа дайын екендігін қуаттады» - Ресей әскерінің басшысы генерал Валерий Герасимов Ресейдің үлкен соғысқа дайын екендігін жариялады. Ол: «Ешкім үлкен соғыстың ықтималын теріске шығара алмайды. Сондай-ақ, ешбір адам Ресей мұндай соғысқа дайын емес деп айта алмайды», - деді.

TRTKAZAKH.COM. «Түркияның шетелге қарызы жоқ» - Қаржы министрі Мехмет Шимшек Түркияның шетел қарызының болмағанын айтты. Шимшек «Бүгін Түркия Республикасының шетелде алатын 32 миллиард лиралық ашқасы бар. Яғни, мемлекет болып біздің шетелге қарызымыз жоқ, біздің шетелден алатынымыз бар» деді.

ABAI.KZ. «Түркі бірлігі – ЦРУ-дің ойлап тапқаны» - Саясаттанушы-әлеуметтанушы  Александр Дугин Ресейдің сойылын көтерген ойларымен әрқашан баспасөздің шаңын қағып, қоғамдық пікірлердің отына май құйып тұрады. «Түркі халықтарын біріктіруді көздейтін неоосманшыл жобаны ЦРУ ойлап тапқан. Бұл түріктің өзін құлдырау мен хаосқа әкеледі» дейді ол.

SARYARKA-SAMALY.KZ. «Жылқы жаппай қырылуда ма?» - Өңірдің бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында «аймақта жылқы малы жаппай қырылып жатыр» деген мәліметтер тарап кетті. Ал жергілікті басшылық жағымсыз жайтты түбегейлі жоққа шығарды. Кеше облыс әкімінің орынбасары Нұржан Әшімбетов осы мәселеге байланысты брифинг өткізді.

QAZAQ.KZ. «Дала қоңырауы» - Биыл «Қазақ» газетінің шыға бастағанына 100 жыл толады. XX ғасыр қазақ даласы та­балдырығын түнере аттады. Ғасыр басында қазақ халқының тарихи тағдыры қыл үстінде тұрды. Бір жағынан, Ресей империясының пәрменді отарлау саясаты, екін­ші жағынан, ортағасырлық ме­шеуліктен арыла қоймаған, ескі, күні өткен феодалдық қа­тынас қатар қыс­пағына алған ұлтымыздың бола­шағына үлкен қауіп төнді.

1 ақпан 2013, 09:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.