Атырау, 23 желтоқсан 23:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Жұмысшылардың екпе алған-алмағаны қашан тексеріле бастайды

1 652 рет қаралды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жұмысшылардың екпе алған-алмағаны қашан тексеріле бастайтынын айтты, деп хабарлады 24.kz

Қазақстандықтарды жұмыс орындарында екпе алған-алмағанын тексеру 10 тамызда емес, 2021 жылдың 1 қыркүйегінде басталады, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігі СЭБД баспасөз қызметі. 

Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық қызмет департаменті бастығының орынбасары Сәдуақас Байғабылов еске салғандай, ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 14 шілдедегі No32 қаулысына сәйкес, вакциналау мерзімі анықталды: 10 тамызға дейін бірінші компонентті және 1 қыркүйекке дейін жұмыс істейтіндер COVID-19 вакцинасының екінші компонентін (медициналық тұрақты қарсы көрсетілімі барлар және соңғы үш ай ішінде COVID-19 жұқтырғандарды қоспағанда) алып үлгеруі керек. 

«Демек, жұмысшыларды вакциналау курсының аяқталуын бақылау тек 1 қыркүйектен бастап жүргізілуі мүмкін. Осы уақытқа дейін бұл тексерулерді жүргізу алгоритмін әзірлеу де жоспарлануда», - деді Сәдуақас Байғабылов Ол тексеру нысаны қызметкерлердің ресми құжаттары болатынын айтты. «Біз вакциналау төлқұжаттарын немесе вакцинаның бірінші компонентін алғаны жөніндегі куәліктерді тексереміз: медициналық тұрақты қарсы көрсетілімі барлығы немесе соңғы үш ай ішінде COVID-19 -бен ауырып кеткендігі туралы анықтамаларды, екпе алмаған жұмысшылардың ПТР-тест нәтижесі туралы анықтамасын (жеті күнде бір рет)», - деді Сәдуақас Байғабылов.

10 тамыз 2021, 16:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.