Атырау, 23 желтоқсан 23:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Алматыдан шыққан "Эйр Астана" ұшағы әуежайға оралуға мәжбүр болды

1 732 рет қаралды

Алматыдан ұшып шыққан "Эйр Астана" ұшағы найзағай түсті деген хабардан кейін әуежайға оралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 9 тамызда кешке Алматы - Тбилиси бағыты бойынша ұшатын әуе кемесімен болған. Ұшақ 20.30-да ұшып, найзағай түскен болуы мүмкін деген себеппен Алматы әуежайына оралды. 

"Ұшақ штаттық режимде қонды. Зардап шеккендер жоқ. Борт ауыстырылғаннан кейін жолаушылар межелі пунктке сағат 00.40-та ұшып кетті. Ұшақ инспекциясы толық көлемде орындалды, найзағайдың түсу іздері табылған жоқ", - деді "Эйр Астана" әуекомпаниясының өкілі.

Әуе кемесі пайдалануға берілгені атап өтілді.

10 тамыз 2021, 12:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.