Атырау, 5 қараша 02:53
 дождьВ Атырау +12.5
$ 452.91
€ 509.43
₽ 5.53

Түркия СІМ қазақ бауырларына алғыс білдірді

1 498 рет қаралды

Түркия Сыртқы істер министрлігі Қазақстанға өртті сөндіруге көрсеткен көмегі үшін алғыс айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Ризашылық лебізі түріктің құзырлы ведомствасының Twitter-дегі парақшасында жарияланды.

Қазақ бауырларымызға тілектестік пен қолдау үшін алғысымызды білдіреміз, - деді Түрік СІМ басшысы Мәуліт Чавушоғлы.
Айта кетсек 7 тамызда ҚР СІМ парақшасында Түркияға Қазақстанның көмек жібергені туралы хабарланды. "Қазақстан Президенті @TokayevKZ тапсырмасы бойынша ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі суағар құрылғылары бар "Қазавиақұтқару" АҚ-ның Ми-8 АМТ 2 тікұшағын және құрамында 16 құтқарушы бар жедел тобын орман өрттерін сөндіруге көмек көрсету үшін #Түркия'ға жіберді", делінген жазбада.
9 тамыз 2021, 08:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.