Атырау, 3 мамыр 14:55
 ашықВ Атырау +15
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Алматы облысында сәбиін сатқан әйел 5 жылға сотталды

1 424 просмотра

Алматы облысында сот сәбиін сатқан әйелге қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, әйел перзентханадан шыққан бойда баласын заңсыз жолмен бөгде адамға беріп жіберген. 

Тексеру кезінде азаматша К. бұған дейін де сәбиін өзге адамға сатқаны белгілі болған. Бала саудасының заңсыз екенін білетін әйел сатып алушының атына баласын Қазақстан аумағында және одан тыс жерлерде өз бетімен алып жүруге рұқсат беретін сенімхат жазып берген. 

«Жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 135-бабы бойынша (кәмелетке толмағандарды сату) қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында күдікті өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтты. 

Алматы облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі №2 мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен азаматша К. 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. 

Бірақ үкімді орындау мерзімі оның қамқорлығындағы екі баланың соңғысы 14 жасқа келгенше кейінге қалдырылды», - деп жазылған департаменттің дерегінде.



6 тамыз 2021, 17:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.