ZHASALASH.KZ. Ендi әскердi де пайдалануы мүмкiн - "Қорғаныс министрлiгiне Қазақстандағы iшкi ахуал тұрақтылығын бұзу әрекеттерiне қарсы күреске пайдалануға болатын қарулы күштердiң барлық мүмкiндiктерiн тағы да талдаудан өткiзу тапсырылды".
KTK.KZ. Н. Назарбаев: «Тәртіп сақшысы жүгенсіз, сот әділдікті ұмытты» - Мемлекет басшысы күш құрылымдарының қызметін сынға алды. Елде қылмыс саны отыз тоғыз пайызға артып, бұл саланы жемқорлық жайлаған. Полиция жүгенсіз кетсе, ал соттар әділетсіз. Соңғысы нағыз қылмыскерлерді бостандыққа жіберіп жатыр.
AZATTYQ.ORG. Қазақстанда сексуалдық қысым қылмысқа саналмай отыр - Толық аты-жөнін атаудан бас тартқан Жанар есімді алматылық бойжеткен жақында жұмыстан шығып кетіпті. Айтуынша, бастығы көз салып, қырындаған.
ALASHARENA.KZ. Ольга Шишигина: «Халқыма пайдалы депутат болуға тырысамын» - Cпортшылардыңарасынан шыққан тұңғыш нәзік жанды депутат өзі айтқан өзгерістерді жасамай тынбаймын деп отыр.
BAQ.KZ. «Қазақстан студенттері қымыздан сабын жасады» - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университетінің студенттері қымыз бен басқа да түрлі биологиялық өнімдерден сабын жасау әдісін ойлап тапты.
«Қазаққа «Оскардың» ауылы алыс» - Борецкий Ермек Тұрсыновтың «Шалы» «Оскар» номинанты болуыға лайықты еді дейді. Маманның бұл айтқаны дәл келді. Енді қазақ режиссерларынан 2013 жылы әлемдік туындылармен бәсекеге түсе алатын өнімдер күтеміз. Әзірге қазаққа «Оскардың» ауылы алыс.
Қазақтар мен өзбектер қалай бөлініп кетті? - Парсы тарихшысы «қазақ» атауының шығу тегіне де тоқталады. «Сегіз жүз елуінші жылы (1446-47 ж.) Жошы ханның ұлы Шейбанидың ұрпағы Әбілқайыр хан бүкіл Дешті Қыпшақты бағындырды. Әбілқайырға бағынбай бөлініп кеткен хандардың халқы қазақтар деп аталды. Қазақ сөзінің мағынасы – еркін, далалық, көшпелі.
MASA.KZ. «Мәшһүр Жүсіп Көпеев: Қазақ шежіресі қайдан табылған?» - Біздің қазақта шежірені басқа жұрттан ақтарып, тентіреп таптырып алған кім екенін сөйлейік.
HALYKSOZI.KZ. Талғат кетіп, Нұрлан келді, қазақ спорты не ұтады? - Биыл жүз жылдық мерейтойын тойлаймыз деп отырған қазақ футболы тұралап тұр. Хоккейдің қорылығы өтті. Жеңіл атлетика жолы ауырлап кетті. Ұлттық спорт «ұсқынсыз». Волейбол «бассыз», баскетбол «белсіз». Қысқы спорт «қауқарсыз». Қазақтың намысын жыртып жүргендердің дені – легионерлер. Құдды қазақ темір көтермеген, шағын алаңнын шаңын қақпаған секілді.
AIKYN.KZ. Көп бағытты саясат: ұлттық мүддеге орын бар ма? - Біздің геосаяси жағдайымыз да алыс-жақын көршілерімізге ұқсамайды. Біз Ресей немесе Қытайдан келген дауылдан қазақ жерін қалқан етіп қорғанып отырған өзбек немесе түрікмен емеспіз. Әлемдік картадағы орнымыз – біздің тағдырымыз. Қазіргі жүргізіп отырған саясатымыз – Абылай заманынан басталған салқынқанды саясаттың жалғасы.