Атырау, 23 желтоқсан 20:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

"Тәулік ішінде кадрлық қателігін түзетсін". Тоқаев Сапарбаевқа сөгіс жариялады

1 216 рет қаралды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа Қ.Досаевты әкімдіктің басқарма басшысы етіп тағайындағаны үшін сөгіс жариялады. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады. 

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа 2019 жылы жұмысында едәуір олқылықтарға жол беріп, қызметінен босатылған Қ.Досаевты әкімдіктің басқарма басшысы етіп тағайындағаны үшін сөгіс жариялады. Әкімге бір тәулік ішінде кадрлық қателігін түзетуге тапсырма берілді" - деп жазды Берік Уәли .

3 тамыз 2021, 09:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.