Атырау, 23 желтоқсан 20:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Маңғыстау облысында тағы бір мұнайшылар ұжымы жалақыларын көтеруді талап етуде

1 388 рет қаралды

Маңғыстау облысында мұнайшылардың тағы бір ұжымы – Емір-Ойл» ЖШС қызметкерлері жалақыларын көтеруді талап етуде, деп хабарлады ҚазТАГ «Лада» басылымына сілтеме жасап.

«Бағаның өсуінен біздің жағдайымыз нашарлады, соған байланысты жалақымызды 70%-ға көтеруді талап етеміз. 1 шіледде де біз өз талаптарымызды айтқан болатынбыз, бірақ бізге тек 10% көтеретіндерін жеткізді. Облыстық әкімдікте бізге тіпті ешқандай жауап берген жоқ. Біз бізге құлақ асатындарына және біздің жалақыны 70%-ға дейін көтеру туралы талабымыздың қанағаттандырылатына сенімдіміз», - деді Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдаған мұнайшылар.

Атап өтелік, Маңғыстау облысында мұнай-газ саласы компанияларының қызметкерлері мен мұнайшылардың ереуілге шығуы соңғы айларда тұрақты сипатқа ие болған. Олар жалақының көтерілуін, еңбек жағдайларының жақсаруын талап етуде.

2 тамыз 2021, 16:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.