Атырау, 16 қыркүйек 15:41
 бұлттыВ Атырау +20
$ 426.39
€ 504.16
₽ 5.87

Денсаулық сақтау министрі жұмыс сапарымен Шымкентте жүр

714 просмотра
Сурет: ҚР ДСМ

30 шілдеде Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Шымкентке жұмыс сапары аясында бірқатар медициналық ұйымдарды аралады, деп хабарлайды zakon.kz.

Цой №3 қалалық емханада болып, емдеу мекемесіндегі егу кабинеттерін қарап, вакцинация барысын тексерді, сондай-ақ мобильді бригадалардың жұмысымен танысты. Емхананың бас дәрігерімен әңгімелесу барысында министр мобильді бригадалардың санын арттыруды тапсырды.

Министрдің айтуынша, егер алғашқы медициналық көмектің сапасы жақсарса, науқастар стационарларға ауруы асқынған халде түспейді.

Cондай-ақ, Цой қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының call-орталығының қызметімен танысты. Бір жыл бұрын call-орталық жанынан Симуляциялық орталық ашылды, онда жедел медициналық жәрдем қызметкерлері шақыруларды қабылдауға үйретеді және манекендерде түрлі диагноздары бар пациенттерге көмек көрсету алгоритмін пысықтайды.

Министрге жедел медициналық жәрдем call-орталығы бір ауысымда 30 диспетчер қызмет көрсететінін хабарлады. Дельта штаммынан туындаған коронавирустық инфекцияның пандемиясына байланысты қоңыраулар саны тәулігіне 4-5 мыңға дейін өсті. Жедел жәрдем қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істейді, дегенмен науқастарға уақытылы медициналық көмек көрсетеді.

Денсаулық сақтау министрі пандемиямен күресте алдыңғы қатарда жұмыс істейтін жедел жәрдем қызметкерлерінің жұмысын жоғары бағалап, ризашылығын білдірді.

30 шілде, 18:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.