Атырау, 19 сәуір 21:01
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Қазақ-қырғыз шекарасында жүк көліктері жиналып қалды

1 427 просмотра
Сурет: Мемлекеттік кірістер комитеті

Қазақстан-қырғыз шекарасында автокөлік құралдарының жиналуы бойынша Мемлекеттік кірістер комитеті түсініктеме берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Әлеуметтің желілерде Қырғыз Республикасының аумағында "Ақ Тілек автожол" автомобиль өткізу пунктінің (Қазақстан тарапынан шектес өткізу пункті – "Қарасу") алдында жүк автокөлік құралдарының жиналуы туралы ақпарат пайда болды.

Осыған байланысты ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, 2021 жылғы 30 шілдедегі жағдай бойынша Қырғыз Республикасы тарапынан "Қарасу" өткізу пунктіндегі жүк автокөлік құралдарының саны 50-80 бірлікті құрайды, бұл жеміс-көкөніс өнімдерінің пісетін маусымын ескере отырып, көрсетілген өткізу пункті үшін штаттық жағдай.

Жалпы, қазақстан-қырғыз шекарасындағы өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейді, Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелері толық көлемде жұмыс істеп тұр.

Орта есеппен бір тәулік ішінде Қазақстан Республикасының аумағына Қырғыз Республикасынан 300-350 автокөлік құралымен тауарларды әкелу жүзеге асырылады.

30 шілде 2021, 16:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.