Атырау, 27 қыркүйек 20:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +11
$ 423.91
€ 497.37
₽ 5.82

Ауыр атлетика федерациясы Сон мен Чиншанлоға жаңа көлік мінгізеді

678 просмотра

Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы Олимпиада жүлдегерлері Игорь Сон мен Зульфия Чиншанлоға жаңа көліктер береді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы Токио Олимпиадасының қола жүлдегерлері Игорь Сон мен Зульфия Чиншанлоға жаңа Toyota Camry көліктерін береді, спортшылардың жеке жаттықтырушылары мен құраманың бас бапкері ақшалай сыйақы алады. Ауыр атлетика федерециясының президенті Жанат Түсіпбеков жақын арада Нұр-Сұлтанда спортшыларға автомобиль кілтін табыс етеді, - делінген Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі. 

Токио Олимпиадасында  Игорь Сон 61 келіде жұлқа және серпе көтеруді (131+163) қоса есептегенде 294 келіні бағындырып, қола медаль алды. 

Ал жарыстың үшінші күні сайысқа түскен Зүлфия Чиншанло 55 келі салмақта қоссайыс қорытындысы бойынша 213 келіні (90+123) көтерді.  

28 шілде күні кешке спортшылар Қазақстанға оралып, оларды Алматы әуежайында салтанатты қарсы алды. Салтанатты шараға Ауыр атлетика федерациясы мен Алматы облысы әкімдігінің өкілдері, жанкүйерлер мен БАҚ өкілдері қатысты.

30 шілде, 15:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.