Атырау, 19 сәуір 17:20
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

​Қазақстанда QazVac вакцинасын шығаратын зауыт іске қосылды

1 137 просмотра
Сурет: Tengrinews.kz

Жамбыл облысында QazVac вакцинасын шығаратын зауыт іске қосылды. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, зауыт 600 мың доза шығарған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Бүгінде 100 мың доза (QazVac) Қазақстан өңірлеріне тасымалданып жатыр, оның бір бөлігі өңірлердің біріне әкелінді. Сонымен қатар, қауіпсіздігін тексеру кезеңінде тұрған тағы 600 мың доза бар. Тамызда олар Қазақстанның барлық өңіріне таратылады", - деді Цой онлайн-брифингте.

Сондай-ақ, ол гуманитарлық көмек ретінде Қырғызстанға QazVac-тың 25 мың дозасын жіберу туралы шешімге қатысты пікір білдірді.

"Қырғызстан Республикасына гуманитарлық көмек көрсету үшін ел басшылығына өтініш берілді. Гуманитарлық көмекті алушы көрші, бауырлас қырғыз елі. Біздің вакцинаның басқа елдерде қолданылуы - бұл Қазақстанның жетістігі", - деді ол.

Министрдің айтуынша, QazVac вакцинасына деген сұраныс әлдеқайда көп. Қазақстандық вакцинаның осындай сұранысқа ие болуы Жамбыл облысында өндіріс алаңын іске қосудың арқасында.

Бұған дейін Қырғызстанға коронавирусқа қарсы QazVac вакцинасының 25 мың дозасы жеткізілгені  хабарланған болатын.


28 шілде 2021, 17:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.