Атырау, 19 сәуір 03:04
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Қаражанбаста мұнайшылар жұмысқа шықпай қалды

1 314 просмотра

Маңғыстау облысында мұнайшылардың тағы бір ереуілі басталды. Бұл жолы Қаражанбас кен орнына қызмет көрсететін "Industrial Service Resources" ЖШС-ның 200-ге жуық қызметкері бас көтерді, деп хабарлайды sputnik.kz.

Ереуіл сәрсенбі күні таңғы алтыда басталды.

Наразы мұнайшылардың айтуынша, олар өздерін "Қаражанбасмұнай" АҚ штатына алғанын қалайды. Олар жұмыстың ауыр және қиын екенін атап өтті.

Ереуілге шыққан адамдармен кездесуге "Қаражанбасмұнай" АҚ бірінші вице-президенті Қуанышбай Нұрғалиев келді. Ол жұмысшылардың талабын тыңдап, барлығын штатқа алуға мүмкіндік жоқ екенін мәлімдеді. Сондай-ақ компанияға шешім қабылдау үшін уақыт қажет екенін айтты.

"Біз таңғы асымызды ішкен жоқпыз, түстенбедік, кешкі асқа да бармаймыз. Бұл аштық жариялау емес, біз тек өзіміздің сұраққа жауап күтеміз", - деді жұмысшылар.

Ереуілшілердің айтуынша, шенеуніктер олармен келіссөз жүргізуге келмеген.

Еске салсақ, Жаңаөзенде шілденің басында "Кезби" ЖШС-ның 700-ге тарта жұмысшысы бір апта бойы ереуілге шықты. Кейін хабарланғандай, басшылық олардың талабын орындап, жалақысын өсірген.

28 шілде 2021, 16:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.