Атырау, 26 сәуір 06:23
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

iPhone құрылғысына қауіп төндіретін функция анықталды

1 333 просмотра

Киберқауіпсіздік жөніндегі сарапшы Зак Дофман iPhone қолданушыларының назарын құрылғыларына қауіп төндіретін функцияға аудартады, деп хабарлайды zakon.kz.

РИА Новостидің хабарлауынша, бұл арада Wi-Fi желілеріне автоматты түрде қосылу жайлы сөз болып отыр, оны өшіріп отыру керек.

Ол үшін "Байланысқа қосылуға сұраным" және "Нүктеге автоматты түрде қосылу" бөлімдеріне өтіп, "Сұрану" өрісіне белгі қою керек.

Ашық байланыс нүктесі параметрлері шабуылдаушыларға жаңа байланыс көзін ашуға және оған танымал қоғамдық желілердің атымен атау беруіне мүмкіндік береді. Нәтижесінде, алаяқтар трафикті ұстап ала алады немесе Интернетке қосылған күй танытып, оны Интернеттен ажыратады, - деді ол.

Сарапшы мұндай ашық байланыс нүктелеріне қосылу кезінде логин мен парольді енгізу процедурасынан өтуде пайдаланушылар зиянды бағдарламаны "жұқтырып" алуы мүмкін екенін айтады.

Сондай-ақ, маман Wi-Fi-дың жалпыға қолжетімді нүктелерін пайдаланудан бас тартуға және ұялы байланысқа басымдық беруге кеңес береді.

27 шілде 2021, 12:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.