Атырау, 14 қаңтар 00:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

Қазақстанда Linkedіn әлеуметтік желісі бұғатталды

1 715 рет қаралды

Қазақстанда іскерлік байланыс орнату және іздеуге арналған Linkedіn әлеуметтік желісі бұғатталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әлеуметтік желі қолданушылары 26 шілдеде кешке сайтқа кіру мүмкін емес екенін айтып, шағымдана бастаған.

Қазақстанның Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мәліметі бойынша, Linkedіn-ге қолжетімділік интернет-ресурс тарапынан заңбұзушылық тірелуіне байланысты шектелген. Желіні талдау барысында Интернет-казино жарнамасы және жалған парақшалар тәрізді деректер анықталған.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі сайтқа ескерту жіберген, бірақ "Linkedin интернет-ресурсының әкімшілігі тарапынан заңбұзушылықты жою бойынша шаралар қабылданбаған".

"Осыған байланысты министрлік "Байланыс туралы" заңның 41-1-бабында көзделген тәртіппен интернет-ресурсқа қолжетімділікті шектеу жөнінде шаралар қабылдады.
Бұл ретте, Linkedin интернет-ресурсы заңнаманы бұзу деректерін жойған жағдайда, оған қолжетімділік қалпына келтіріледі", - делінген ведомство хабарламасында.

Linkedіn - бұл іскери қарым-қатынас, қызметкерлерді іздеу және бос жұмыс орындарын жариялауға арналған әлеуметтік желі. 2016 жылы компанияны Microsoft 26 миллиард долларға сатып алған.

27 шілде 2021, 12:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.