Атырау, 28 наурыз 14:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Cот экс министр Біртановты үй қамауында қалдырды

1 134 просмотра

Сот бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты үй қамауынан босату туралы өтінішті қабылдамады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2021 жылғы 14 шілдедегі қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде күдікті Біртановтың үйқамақта болу мерзімін екі айға санкциялау туралы қаулысы өзгеріссіз қалдырылсын. Адвокаттардың жеке шағымдары қанағаттандырылмайды. Қаулы түпкілікті, шағымдануға жатпайды", - деді судья Элеонора Оңғарсынова.

14 шілдеде Елжан Біртановтың үйқамақтағы мерзімі 14 қыркүйекке дейін ұзартылған.

Айта кетейік, бұған дейін 14 шілдеде Біртановқа қатысты шектеу шаралары аяқталады деп хабарланған болатын. Алайда оның кінәсі немесе кінәсіздігі әлі дәлелденген жоқ. 

26 шілде 2021, 14:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.