Атырау, 23 желтоқсан 18:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Қазақстанда 34 мың бала COVID-19 жұқтырған

1 422 рет қаралды
Сурет: Depositphotos

Қазақстанда 34 мың бала COVID-19 жұқтырған, төрт баланың жағдайы ауыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Жыл басынан бері 34 мың бала коронавирус инфекциясын жұқтырған. Бүгінде 558 бала стационарлық деңгейде емделіп жатыр, 13 жаңа туған нәрестеде коронавирус инфекциясы байқалады", - деді Гиният ОКҚ-да өткен онлайн-брифингте.

Оның айтуынша, 2021 жылдың басынан бері аурушаңдық шамамен 4-5 есе өскені байқалады. Елімізде төрт баланың жағдайы ауыр.

"Ақмола облысында, Нұр-Сұлтанда, Қызылорда облысында және Жамбыл облысында ауыр жағдайдағы балаларды бақылап отырмыз. Жыл басынан бері екі бала қайтыс болды: СҚО-да және біреуі Нұр-Сұлтанда", - деді вице-министр.

Айта кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жасқа толмаған балалар ата-анасынан коронавирус жұқтырып, ауыратыны туралы айтқан болатын. Оның айтуынша, көп бала осы жағдайға байланысты зардап шегеді.

23 шілде 2021, 17:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.