Атырау, 29 наурыз 05:01
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Денсаулық министрі балаларды вакциналауға қатысты сауалға жауап берді

1 206 просмотра

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой балаларды вакциналауға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

"Қазіргі кезде тек ересек адамдар ғана вакцина салдыра алады. Бірақ біз балаларға да вакцина салдыру құқығын беруіміз керек. Себебі қазіргі кезде ата-аналардың көбісі өтініш жасап, өз балаларын вакциналауды сұрайды. Бірақ, өкінішке қарай, әзірше Қазақстанда ондай вакцина жоқ", - деді Цой орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте. 

Министрдің айтуынша, балаларға да вакцина ерікті түрде салынады. Ондай вакцина жеткізілсе, ата-аналардың жазбаша рұқсатымен ғана егіледі. 

"Вакцинаны балаларға салуға рұқсат берілген бойда біз екпені жеткізуге тырысамыз. Сол кезде вакциналаудың нақты мерзімі де анықталады. Бірақ балаларға басымдық жасалады. Ол – анық нәрсе", - деп атап көрсетті Цой.

Осы орайда министр Қазақстанда 2 миллион бала бар екенін еске салды. Бірақ ата-аналардың барлығы бірдей өз келісімін бермеуі де мүмкін. Сондықтан балаларды вакциналау қарқынына қарай екпенің дозасы да есептеледі.

Цой балаларды вакциналау ерікті түрде жүргізілетініне баса назар аударды. Сондықтан мектепке кіргізу жағынан ешқандай шектеу болмайды.

23 шілде 2021, 16:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.