Атырау, 25 қыркүйек 23:21
 ашықВ Атырау +17
$ 423.91
€ 497.37
₽ 5.82

Қазақстан Токио Олимпиадасын трансляциялау құқығын алды

658 просмотра

Қазақстан XXXII Олимпиада ойындарының трансляциясына қатысты Жапонияның "Dentsu Inc." компаниясымен келіссөзді нәтижелі аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан" РТРК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан" телерадиокорпорациясы мен "Хабар" агенттігі" АҚ ел аумағында Токио Олимпиадасын және 2022 жылғы Пекинде өтетін Қысқы Олимпиада ойындарын көрсету құқығын иеленді. Келісімшарт қорытындысы бойынша трансляция құнын қолайлы бағада сатып алу туралы ортақ мәмілеге қол жеткізілді", - делінген хабарламада.

Қазақстандықтар 23 шілде мен 8 тамыз аралығында Токиода өтетін Жазғы Олимпиада ойындарын "Qazaqstan", "Qazsport" және "Хабар" телеарналарынан тікелей эфирде көре алады. Қазақстан құрамасының қоржынында спорттың 27 түрі бойынша 97 лицензия бар. 

Айта кетейік, бұған дейін Олимпиада ойындарын трансляциялаудың құқық иесі Қазақстаннан өте үлкен сома сұрағаны хабарланған болатын.

23 шілде, 15:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.