Атырау, 28 наурыз 17:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Қазақстанда бір жылда бензин қаншалықты қымбаттады?

1 212 просмотра

Сарапшылар Қазақстанда бензин бағасы былтырғы маусыммен салыстырғанда 13,6 пайызға өскенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Energyprom.kz басылымына сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан және Түркістан облыстары, сондай-ақ Шымкентте жанармай тиісінше 17,2 пайызға, 17 пайызға және 16,5 пайызға қымбаттады. Егер жанармай түрлерін алып қарайтын болсақ АИ-98 - 12,7 пайызға, АИ-92 - 13,6 пайызға, АИ-95/96 - 14,4 пайызға қымбаттаған.

Picodi.com деректері бойынша, Еуропа мен ТМД елдері арасында бензин бағасы ең арзаны Қазақстанда. 2021 жылдың бірінші жартысында отынның орташа бағасы 185,51 теңге (0,43 доллар) болды. Қазақстан рейтингке енген 26 елдің ішінде бірінші орынды иеленді. Бензин бағасы ең қымбат ел - Финляндия (1,90 доллар).

Алайда ел тұрғындары жалақысына қанша бензин сатып ала алатынын қарастыратын болсақ, жағдай өзгереді. Қазақстан 26 елден жетінші орынды иеленеді. Орташа алғанда, әрбір қазақстандық жалақысына (салықтарды шегергенде) 1015 литр бензин сатып ала алады. Рейтинг көшбасшылары - Германия (1786 литр), Швеция (1771 литр) және Финляндия (1589 литр).

Жыл басынан 2021 жылдың мамырына дейін Қазақстанда бензин өндірісі 4,6 пайызға артты. Осы кезеңде барлығы 1,9 миллион тонна бензин өндірілген. Отын өндірісі бойынша Павлодар облысы көш бастап тұр. Жергілікті МӨЗ 678,5 мың тонна немесе жалпы көлемнің 38,6 пайызын өндірді.

2021 жылдың алғашқы төрт айының қорытындысы бойынша бензин нарығы толығымен отандық өндіріспен қамтамасыз етілген. Импорт сұраныстың тек 0,03 пайызын құрады.

Бұған дейін әлемде бензин бағасы 2020 жылы 11 пайызға төмендегені хабарланған болатын.

23 шілде 2021, 12:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.