Атырау, 24 сәуір 21:50
 ашықВ Атырау +13
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

​Тоқаев ауыл әкімдерін сайлауға белсенді қатысуға шақырды

1 230 просмотра

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды ауыл әкімінің сайлауында белсенді дауыс беруге шақырды.

"25 шілде күні ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы өтеді. Бұл бастаманы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында ұсынған болатын. Мемлекет басшысы атап өткендей, алдағы дауыс беру науқаны саяси жаңғырудың жаңа кезеңін білдіреді, сондай-ақ, жүргізіліп жатқан реформалардың дәйектілігін және тиімділігін көрсетеді.

Сайлау науқаны барысында азаматтарымыз жоғары белсенділік танытып, тұрғындардың мемлекет ісі мен қоғам өміріне етене араласатынын және еліміздің қазіргі дамуы мен келешегіне зор жауапкершілікпен қарайтынын көрсетті. Мұны Президент «азаматтық патриотизмнің шын мәніндегі шынайы көрінісі» деп атап өтті.

Жергілікті атқарушы органдардың басшылары саналатын әкімдер мемлекеттің басты міндеттерінің бірі – отандастарымыздың тұрмыс сапасын арттыру мәселесін шешуде негізгі рөл атқаруы тиіс.

Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдар мен аудандық маңызы бар қалалардың тұрғындарын дауыс беруге белсенді қатысуға шақырады. Мемлекет басшысы сайланған кандидаттардың бәрі өзі ісінің маманы болатынына және халықтың үмітін ақтай алатынына сенім білдіреді" - деп жазды өзінің Facebook-тегі парақшасында Берік Уәли.

23 шілде 2021, 11:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.