Атырау, 25 сәуір 16:43
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Лукашенко өкілеттігінің бір бөлігін үкіметке берді

1 191 просмотра

Беларусь президенті Александр Лукашенко мемлекеттік мүлікті жекешелендіруге қатысты өкілеттігінің бір бөлігін үкіметке және жергілікті билікке тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі мемлекет басшысының сайтына сілтеме жасап.

"Президент функцияларының мемлекеттік мүлікті жекешелендіруге қатысты бөлігі үкімет пен жергілікті билік органдарына өтеді. Мемлекет басшысы Александр Лукашенко 22 шілдеде тиісті № 4 Декретке қол қойды", - делінген хабарламада.

Құжат "Беларусь Республикасында мемлекеттік меншікті жекешелендіру туралы" 1998 жылғы 20 наурыздағы № 3 Декретке өзгерістер енгізеді.

Осылайша, акциялары Беларусь Республикасының меншігіндегі ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін ашық акционерлік қоғамдарды жекешелендіру процесінде құрылған акциялардың қосымша шығарылымдарының эмиссиясын келісу жөніндегі президент функциялары үкіметке берілді, егер олар әкімшілік-аумақтық бірліктерге тиесілі болса, облыстық атқарушы комитетке және Минск қалалық атқарушы комитетіне беріледі.

23 шілде 2021, 10:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.