Атырау, 26 шілде 04:32
 дождьВ Атырау +31.2
$ 476.07
€ 541.86
₽ 6.08

​Президент Рухия Байдүкенованы "Славян базары" байқауындағы жеңісімен құттықтады

2 112 рет қаралды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дарынды жас әнші Рухия Байдүкенованы Беларусь Республикасының Витебск қаласында өткен "Славянский базар" байқауындағы сенімді жеңісімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те жазды.

"Әлемнің көптеген елінің кіл мықты таланттары қатысқан осынау айтулы байқауда көрсеткен өнеріңіз - cіздің кәсіби даралығыңыздың, табиғи дарыныңыз бен әртістік шеберлігіңіздің айқын дәлелі", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев өз құттықтауында.

Уәлиді айтуынша, Мемлекет басшысы Рухия Байдүкенованың табысты өнер көрсетуі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында барша қазақстандықтарға жасаған тамаша тарту болды деп санайды.

19 шілде 2021, 17:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.