Атырау, 28 сәуір 13:56
 ашықВ Атырау +18
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

​"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ "Байкен-U" ЖШС сатып алу департаментінің басшысы ұсталды

1 590 просмотра

"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ "Байкен-U" ЖШС сатып алу департаментінің басшысы пара алу ісі бойынша ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мердігер ұйым өкілінен 2,2 миллион теңге көлемінде пара алғаны үшін "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ "Байкен-U" ЖШС сатып алу департаментінің басшысын ұстады", - делінген ақпаратта.

Лауазымды тұлға орындалған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қою және қызмет көрсету шарты бойынша аудару үшін ақша алған.

Өзге ақпарат жарияланбайды. Тергеу жалғасып жатыр.

"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ – дүниежүзіндегі ауқымды ресурстық базаның бірін игеру басымдығына ие әлемдегі ең ірі табиғи уран өндіруші.

Қазақстанның бес аймағында орналасқан компанияның 40 өндірістік нысанында 20 мыңға жуық қызметкер жұмыс істейді.

19 шілде 2021, 12:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.