Атырау, 4 мамыр 18:32
 ашықВ Атырау +7
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Сот Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімін ұзартты

1 270 просмотра

Нұр-Сұлтан соты Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімін ұзартты. Бұрынғы денсаулық сақтау министріне билікті асыра пайдаланып, санавиация ұшағын заңсыз пайдаланды деген айып тағылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Прокурорлардың мәліметінше, 14 шілдеде Біртановқа қатысты шектеу шаралары аяқталады. Алайда оның кінәсі немесе кінәсіздігі әлі дәлелденген жоқ. Сондай-ақ, бірнеше күн бұрын соталды тергеу аяқталған болатын, ал қылмыстық іс материалдары жәбірленуші тарапқа - Денсаулық сақтау министрлігіне танысу үшін берілді. Содан кейін олар Біртанов пен оның қорғаушыларына беріледі. Осыған байланысты мемлекеттік айыптаушы экс-министрге үй қамауын ұзарту туралы өтініш білдірді.

Тараптардың пікірін тыңдаған сот прокурордың өтінішін қанағаттандырып, Біртановқа қатысты шектеу шараларын 2021 жылғы 14 қыркүйекке дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.

Еске салайық, бұған дейін Біртановтың адвокаты экс-министр неге санавиациямен ұшқанын түсіндірген болатын

14 шілде 2021, 15:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.