Атырау, 5 мамыр 00:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

​Шымкентте мектеп салуға бөлінген 5,5 миллион теңге ұрланған

1 497 просмотра

Шымкенттегі Жұлдыз тұрғын алабында орта мектеп салуға бөлінген ақшаның 5,5 млн теңгесі жымқырылғаны анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Тергеу барысында кәсіпкер мектеп құрылысы кезінде нақты орындалмаған жұмыстар туралы дәйексіз мәліметтер мен есептер ұсынғаны белгілі болған. 

«Сот құрылыс-экономикалық сараптамасының қорытындысына сәйкес мемлекетке келтірілген залал сомасы шамамен 5,5 млн теңгені құрады. Құрылыс жұмыстарын жүргізген жосықсыз кәсіпкер кінәсін толық мойындап, келтірілген шығын сомасын өтеді. Еңбекші аудандық сотының үкімімен ол 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасына тартылды»,– дейді агенттіктен.


14 шілде 2021, 12:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.