Атырау, 23 желтоқсан 14:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Вице-министр Қазақстандағы тұрғын үй бағасына болжам жасады

1 846 рет қаралды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев Қазақстандағы жылжымайтын мүлік бағасына болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Баға болжамына келсек. Тұрақты мониторинг жүргіземіз. Егер қаңтарда жаңа тұрғын үй бағасы 3,8 пайызға күрт көтерілсе, екінші реттік тұрғын үй бағасы 7,2 пайызға өсті. Маусымда қайталама тұрғын үйге 1,2 пайыз, ал жаңа тұрғын үйге 0,9 пайыз қосылды", - деді Өскенбаев ОКҚ онлайн-брифингінде.

Ол Петропавлда қаңтар-ақпанда қайталама тұрғын үй бағасы 5,6 пайызға және 4,6 пайызға өскені байқалғанын, ал сәуірде 2,4 пайызға дейін төмендеп, сол деңгейде сақталғанын айтты.

"Жыл басында өсім байқалса, маусым-шілдеде баға тұрақталуы тиіс. Зейнетақыны пайдалануға байланысты тұрғын үйге деген сұраныс көбейгендіктен пәтер қымбаттады. Қазірдің өзінде баға тұрақталып келеді. Менің жеке болжамдарым бойынша қыркүйекке қарай баға төмендеуі керек", - деді вице-министр.

12 шілде 2021, 16:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.