Атырау, 29 наурыз 16:12
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Атырауда алғаш рет экомектеп ашылды

PR Сурет
2 799 просмотра

Экологиялық белсенді Тоғжан УАЗИХАНОВАНЫҢ бастамасымен Қазақстанда алғаш рет Атыраудан онлайн экологиялық мектеп ашылды. Қазақстан халқының экологиялық білімін кеңейтуге бағытталған «AinaLab» мектебі Атырау қаласындағы British Council мен «Chevron» компаниясының қолдауымен жүзеге асырылды.

 Тоғжан экологиялық білім беру платформасын құру үшін Британдық Кеңес «Chevron» және Атырау облысының әкімдігімен серіктестікпен өткізген I-SEED StartUp Battle әлеуметтік кәсіпкерлік байқауында 3000 АҚШ доллары көлеміндегі грантты жеңіп алды.

 Экомектептің басты мақсаты – мектеп оқушыларына және осы тақырыпқа қызығушылығы бар кез-келген адамның санасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Сабақтар барлық аудиторияға да қолжетімді, практикалық мысалдар келтірілген бейнематериалдардан тұрады.

 I-SEED StartUp Battle әлеуметтік кәсіпкерлік байқауына 104 үміткер өтінім берген. Олардың арасынан 25-і жартылай финалға өтіп, қазылар алқасы шешуші кезеңде 10 үміткерді финалға өткізіп, олардың арасынан 4 жеңімпазды көрермендер British Council сайтында бір ай бойы дауыс беру арқылы таңдаған.

 - Тоғжан карантин кезеңіне қарамастан осы жобамен айналысып, өзінің стартапын аша алғанына қуаныштымыз. Жоба ұсынылған сәттен бастап өте қызықты және үміт күттіретіндей болды. Тоғжанның жобасы көрермендер дауысы нәтижесінде де үлкен басымдықпен жеңіп, Тоғжан өзін нағыз күрескер және өзін экология жанашыры ретінде дәлелдеді, - дейді I-SEED Atyrau жоба менеджері Абай АМИРОВ.

 Қазіргі кезде Назарбаев зияткерлік мектебі мен Қазақ-түрік лицейінің еріктілері түсірген күнделікті өмірде экологиялық таза болуға және үйде де, мектепте де, жұмыста да қалдықтарды сұрыптауға үйрететін «Қалдықтармен күрес» атты онлайн-мектептің бірінші курсы дайын тұр.

Болашақта ауаның  бүлінуі, су, топырақ, ғарыш және басқаларының ластануы бойынша келесі курстарды шығару жоспарлануда. Курс қызығушылығы барлар үшін және мектептер үшін тегін. Курстарды сәтті аяқтаған және тапсырмаларды орындаған мектептер экоқораптарды тегін алады.

- Осы курстың арқасында біз кем дегенде бірнеше адамның санасына әсер етіп, олардың табиғатқа деген көзқарасын өзгертеміз деп сенемін. Негізгі миссия - экологиялық өмір салтының маңыздылығын білім беру және ойын-сауық форматында мүмкіндігінше көп адамға жеткізу. Сондықтан біздің курстар барлығына қол жетімді және әр видео 3-4 минуттан ықшамдалып дайындалды, - дейді жоба авторы Тоғжан Уазиханова.

 - Тоғжан, экомектеп ашу идеясы сізге неден туындады?

- Экомектеп құру идеясы мен Францияда оқып жүргенде пайда болды. Сол кезде мен қалдықтарды бөлек жинау еуропалықтар үшін күнделікті өмірдің бір бөлігі болып кеткенін көрдім.  Қазақстанға келгенде қоқыстарды бөлуге арналған жәшіктерді көрдім, бірақ тұрғындар оған кез-келген қоқысты лақтырып жатқанын байқадым. Содан кейін мәселе дайындықтың жеткіліксіздігінде екенін түсіндім - адамдар жай нені қайда лақтыратынын білмейді. Тәжірибемен көрмегеннен кейін  ешкім оның тереңіне үңіліп құнды санамайды. Сол кезде маған идея туды. Мен бұл идеяны I-SEED Battle стартап байқауына қатысу үшін ұсынып, оны бизнес-жобаға айналдырдым.  

 - Курс соңында қатысушылар не үйреніп шығады?

- Курс экологиялық және қалдықтарды бөлек жинау деп аталады. Курс аяқталғаннан кейін қатысушылар ресурстарды үнемдеуді, орнықты пайдалануды, қалдықтардың нөлдік түзілуін және қалдықтарды бөлек жинауды үйреніп, соған дағды қалыптастырады. Курсты ainalab.kz/ веб-сайты арқылы кез-келген қаланың кез-келген адамы көре алады. Өйткені біздің видео сабақтарымыз әмбебап және бәріне қолайлы дайындалған. Қазақстанның кейбір қалаларына қоқысты сұрыптауға арналған жинақ кітапшалар да бар.  

 

- Қоқысты өзіңіз сұрыптайсыз ба? Адамға экология жолына түсуге көмектесетін қарапайым қадамдар туралы айтып берсеңіз.

- Иә, сұрыптаймын. Балконға сұрыптайтын орын бөлдім. 

Макулатураны, әртүрлі пластик түрлерін, қаңылтырларды сұрыптаймын (бірақ олар өте сирек болады). Сондай-ақ, қалған тамақты мұздатқышта сақтап, кейін інімнің иттеріне беремін. Осылайша қалдықтарды барынша азайтуға тырысамын. Сондай-ақ пластик щетканы бамбук түріне алмастырдым, дүкенге өз шопперіммен барамын, жұмыста тек керамикалық ыдыс-аяқ қолданамын, бір реттік ыдысты қолданбаймын, үнемі өз бөтелкем мен термосымды алып жүруге тырысамын, кафеде сусынды өз бөтелкеме (егер жанымда жүрсе) құюды өтінемін.

Бұдан басқа, тоғызыншы қабатта тұрсам да, лифтіні пайдаланбаймын. Өзім үшін жаяу жүру айлығын ұйымдастырамын, көлікпен жүруден бас тартамын, күн сайын 7-10 шақырым жүремін, әрине, ауа райы мүмкіндік берсе. Мұндай істе бастысы - бәрінен ләззат алып жасау керек. Әріптестерім мен достарымды бұл дәстүрге осылай тарттым, енді мұны бірге жасаймыз.

 БҰҰ ақпараты бойынша, адамдар жыл сайын өзен мен мұхиттарға 300 миллион тонна пластик қалдықтар тастайды, ол кейін біздің асқазанымызға түседі. Олардан суда да, құрлықта да құстар, балықтар мен жануарлар қырылады. Әлем ғалымдары дабыл қағып, осы проблемамен күресуде. Мысалы, 2021 жылдан бастап Еуродақ елдерінде пластиктен жасалған ыдыс-аяқ, ас үй құралдарын, түтіктер, контейнерлер, мақта таяқшаларын және басқа да заттарды сатуға болмайды. Литвада үкімет сауда орталықтарында пластик пакеттерді пайдалануға тыйым салды. Ал Франция 2016 жылы-ақ тығыздығы 50 микроннан төмен жұқа пакеттерді сатуға тыйым салған еді.

12 шілде 2021, 15:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.