Атырау, 4 мамыр 07:37
 ашықВ Атырау +11
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Тоқаев Сатыбалды Нарымбетовтің отбасына көңіл айтты

2 387 просмотра

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев режиссер, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сатыбалды Нарымбетовтің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-парақшасында жариялады.

"Сатыбалды Жәлелұлы қазақ киносында өзіндік қолтаңбасы бар, суреткерлік шеберлігін ұдайы шыңдап отыратын дарынды режиссер еді. Қоғамдағы күрделі өзгерістерді, заманның жаңарған келбетін экран арқылы көрсете білді. Шығармашылық ізденістер нәтижесінде дүниеге келген әрбір туындысы сыншылар мен көрермендер тарапынан жоғары бағасын алды. Сондай-ақ әр жылдары жарық көрген кітаптарын оқырмандар жылы қабылдады. Отандық кино өнерін және рухани-мәдени саланы дамытуға мол үлес қосып, соңына жарқын із, өшпес мұра қалдырған Сатыбалды Жәлелұлының есімі мен бейнесі халқымыздың жадында сақталады. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын", - деп жазылған Президенттің жеделхатында.

Бұған дейін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер, сценарист және актер Сатыбалды Нарымбетов 75 жасында өмірден өткені хабарланған болатын.

8 шілде 2021, 16:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.