KZ.OTYRAR.KZ. "Шымкенттік оқушы тамақты өзі қозғайтын ыдыс ойлап тапты". – Бұл үй шаруасына қажетті әрі қолайлы зат. Өйткені арнайы тамақты қозғап, араластырып тұратын құрылғысы бар. Бұл балалы аналар үшін өте тиімді. Кейде қолы тимей жатқан адамдар үшін де пайдалы.
AZATTYQ.ORG. "«Байқоңыр дауы» себеп пе, әлде симптом ба?" - Ақорда мен Кремль арасындағы соңғы бірқатар қарама-қайшылау саяси мәлімдемелер «мәңгілік достық орнатқан» екі мемлекеттің арасында да шешімі қиын мәселелер бар екенін аңғартты.
BAQ.KZ. "Жошы хан моңғол ма, әлде меркіт пе?" - Жошы моңғол мен түрікке ортақ тұлға. Оны қазақ немесе моңғол деп кесіп айту қиын. Десе де, оның өмір тарихында кейбір айқын емес тұстар бар.
ALASHAINASY.KZ. «Жер сілкінсе де «сілкінбейтін» елге айналып барамыз» - Біздегі ақпарат құралдары жер сілкінісі кезінде халық та бейқамдыққа салынғанын жазып жатыр. Бұл зілзала Алматы тұрғын¬дар¬дың санасына зіл сала алмаған сынды. Алматы халқының көп бөлігі жер сілкінісі кезінде ұйқы құшағында жатса, енді біреу¬лері далаға шығып, қауіпсіздік шараларын орындауға да ерінген.