Атырау, 23 желтоқсан 13:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Қазақстанда учаскелік полиция штаты ұлғайтылады

1 949 рет қаралды

ҚР Ішкі істер министрлігі Ерлан Тұрғымбаев ведомствоның алдағы кезеңге арналған міндеттерін айқындады. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Оның атап өтуінше, министр айқындаған міндеттердің бірі жаяу патрульдердің, соның ішінде заманауи технологияларды пайдалана отырып, полицейлердің қызмет атқаруына тиімді бақылауды ұйымдастыру болды. Сонымен қатар құқық бұзушылықтардың алдын алуды күшейту және халық үшін учаскелік полиция инспекторларының қолжетімділігін қамтамасыз ету басым бағыт екендігі айтылған. Осы орайда Ішкі істер министрлігі алдағы уақытта ішкі резерв есебінен учаскелік полиция штаты ұлғайтылатындығын айтқан. 

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес учаскелік инспектордың мәртебесін арттыру және оның тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті өкілеттіктерін кеңейту бойынша шаралар қабылдануда. Ауылдық жерлерде қызметтік тұрғын үймен жапсарлас учаскелік пункттер салынуда. Өз резервтері есебінен учаскелік полиция қызметінің штаты қосымша ұлғайтылатын болады», - деп атап өткен Ерлан Тұрғымбаев.

7 шілде 2021, 15:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.