Атырау, 23 желтоқсан 13:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Оливер Стоун​ Назарбаев туралы фильмнің трейлерін жариялады

2 251 рет қаралды
Сурет: Facebook

Голливуд режиссері Оливер Стоун әлеуметтік желіде "QAZAQ History Of The Golden Man" ("QAZAQ: история золотого человека) деректі фильмінің трейлерін бөлісті.

Фильмнің ұзақтығы – 8 сағат, оны режиссер Игорь Лопатёнок түсірді. Фильм Қазақстан мен Нұрсұлтан Назарбаев жайлы.

"Ол жайлы не айтсаңыз да өз еркіңіз, алайда фильмнен Кеңес империясының күйреуі мен елдің тәуелсіздік алуы, ядролық қарудан бас тарту жайлы пайымдайтын қарапайым адамды көресіз. Назарбаев Қазақстанның көшпелі тарихы мен Еуразияның технологиялық келешегі туралы әңгімелейді. Меніңше, бұл жарқын болашақ", - деп жазды Оливер Стоун өз парақшасында.

Фильм трейлерінде Қазақстанның тұңғыш президентімен сұхбаттан үзінді көрсетілген. Онда Назарбаев президенттікке қалай келгенін, Горбачев, Ельцин және Кеңес одағының ыдырауы туралы айтады.

Бұған қоса, Стоун Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаевадан да сұхбат алған. Ол қиындыққа толы болған 90-шы жылдарды еске алды.

Назарбаев Оливер Стоун жайлы: "Мен құрметтейтін америкалық"

Стоун – америкалық кинорежиссер, үш "Оскар", бес "Алтын глобус " иегері.

5 шілде 2021, 16:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.