Атырау, 4 мамыр 22:02
 ашықВ Атырау +7
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Атақты айтыскер Әселхан Қалыбекова дүниеден өтті

2 371 просмотра
Сурет: © stan.kz

Қазақ КСР-нің халық ақыны, арқалы айтыскер Әселхан Қалыбекова 71 жасында дүниеден озды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әселхан Қалыбекова 1950 жылы Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылында дүниеге келген. Қазақстан жазушылар одағының Жамбыл атындағы халықаралық сыйлығының тұңғыш лауреаты (1989). Отырар ауданының құрметті азаматы. 

Әселхан Қалыбекованың өмірден өткені туралы айтыскер Жандарек Бұлғақов Іnstagram-парақшасында жариялады.

"Барлық ақын - баласы бір ананың" демекші барша айтыскер ақындардың анасы осы Әселхан апамыз еді. Бақұл болыңыз, Әсел апа! Бәріміз Алладан келдік және оған қайтушымыз. Барша қазақ еліне қайғырып көңіл айтамын", - деп жазды айтыскер.

Әселхан Қалыбекова белгілі халық ақыны Ергөбек Құттыбайұлының ұрпағы. 1970 жылдары аудандық мәдениет бөлімінде, аудандық газет редакциясында қызмет еткен. Айтыс өнеріне зор үлес қосқан, халықтың сүйкіті перзенті.

5 шілде 2021, 16:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.