Атырау, 23 желтоқсан 13:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Қызылорда маңында ұшақ құлады

2 619 рет қаралды

АН-2 ұшағы Қызылорда маңында апатқа ұшырады, деп хабарлайды Sputnik төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

4 шілдеде сағат 07.00 шамасында АН-2 ұшағы Қызылорда қаласындағы Қарауылтөбе ауылынан 12 км қашықтықта күріш алқаптарын өңдеп жатқан кезде апатқа ұшырады.

Ол ұшып шыққаннан кейін бірнеше сағаттан соң техникалық ақау салдарынан қонуға мәжбүр болып, егіннің үстіне құлаған.

Бортта 1954 және 1967 жылы туған екі ұшқыш болған. Олар ауруханаға жеткізілді. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың жағдайы қанағаттанарлық.

4 шілде 2021, 11:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.