Атырау, 23 желтоқсан 11:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Бекшин дельта штамы алғаш анықталған науқас вирусты қайдан жұқтырғанын айтты

2 783 рет қаралды

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирустың дельта штамы алғаш анықталған адам вирусты қай жерде жұқтырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда коронавирус инфекциясының үнді штамы бірінші болып 38 жастағы әйелден анықталды. Кейінірек оның сегіз жастағы баласы да COVID-19-ның осындай түрін жұқтырғаны белгілі болды. Бекшиннің айтуынша, ол инфекцияны сауда дүкендерінде жүргенде жұқтырған.

"Әйел осы кезеңде пәтерін жөндеумен айналысқан. Құрылыс материалдарын сататын ірі дүкендерге барып жүргенде, мүмкін, инфекция жұқтырды (коронавирустың дельта штамы - автор). Ана мен баланың жағдайы қанағаттанарлық. Олар ауруханадан шығарылып, үйде дәрігерлердің бақылауында", - деді қаланың бас санитария дәрігері.

Бұған дейін Бекшин Алматыда коронавирустың төртінші толқыны келгенін мәлімдеді.

2 шілде 2021, 16:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.