Атырау, 11 қазан 09:21
 ашықВ Атырау +18
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Алматыда жезөкшелер қызмет көрсеткен массаж салоны әшкере болды

1 903 просмотра

Алматыда жеке үйдің атын жамылып жұмыс істеген интимді массаж салоны анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ғимарат Алматы қаласының Медеу ауданында орналасқан. Сыртынан тұрғын үйге ұқсайтын үлкен коттедж туралы айтып отырмыз. Ішінде өзгеше өмір болып жатты. – Түнгі сағат онға жақын тексеру кезінде жұмыс орнында клиенттерге интимдік қызмет көрсететін алты массажист сымақ қыздар мен әкімші болды. 

Бұл әйелдер – біздің отандастарымыз, Алматы және Батыс Қазақстан облыстарынан келген қонақтар. Қызметкерлердің ең үлкені – 28-де, кішісі – 19-да. Салонның әр қызметкерінің жеке басын тексеру үшін оларды АПБ-на жеткізді. Массаж салонының иесіне қатысты жезөкшелікпен айналысуға арналған жезөкшелер үйін ұстауға қатысты ҚР ӘҚбК-нің 450-бабы (Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну) бойынша материал жинақталды және шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді, – деп түйіндеді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

1 шілде 2021, 15:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.