Атырау, 11 қазан 09:30
 ашықВ Атырау +18
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Қазақстанда жаңа кодекс күшіне енді

1 635 просмотра

Қазақстанда жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі күшіне енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған Қазақстан Республикасының жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі күшіне енді.
Кодекс мемлекет пен қоғам арасындағы қатынастардың парадигмасын түбегейлі өзгертеді. Азаматтардың құқығы мен бизнесті қорғаудың жаңа механизмдері енгізіледі", - деп жазды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те.

Оның айтуынша, әкімшілік органдардың үстінен жазылатын талап арыздар енді "әкімшілік органдардың кінәлі-кінәлі еместігін айқындау" қағидаты негізінде қарастырылады. Бұл ретте арыз беруші емес, әкімшілік орган өз шешімінің дұрыстығын сот алдында дәлелдеуі тиіс.

"Сырғытпа жауаптар мен әуре-сарсаңға салу әрекеттері үшін әкімшілік органдар ғана емес, шешім қабылдаған тұлғалар да жауап береді.
Бұл құжат "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын жүзеге асырудың маңызды құралына айналады", - деді Берік Уәли.

Айта кетейік, Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодекске Мемлекет басшысы 2020 жылғы 29 маусымда қол қойған болатын.

1 шілде 2021, 10:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.