Атырау, 11 қазан 09:23
 ашықВ Атырау +18
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Тоқаев Есеп комитетінің төрағасын қабылдады

1 374 просмотра

Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2020 жылғы республикалық бюджеттің жұмсалуына қатысты Үкіметтің есебі бойынша шығарылған негізгі қорытындылар жөнінде есеп берді, деп хабарлайды Ақорда сайты. 

Бұл құжат өткен аптада Парламенттің бірлескен отырысында қабылданған болатын делінген хабарламада.   

Сонымен қатар Наталья Годунова жер ресурстарын басқаруға, арнаулы экономикалық аймақтарға және «Тау-кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» акционерлік қоғамына жүргізілген тексерістердің негізгі қорытындылары туралы баяндады.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Есеп комитетінің төрағасына тиісті тапсырмалар берді.

1 шілде 2021, 10:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.