Атырау, 11 қазан 11:24
 ашықВ Атырау +18
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

ҚР санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті локдаун туралы қауесетті жоққа шығарды

1 927 просмотра

Қазақстандықтар алдағы локдаун туралы ақпаратпен бөлісуде. Пайдаланушылардың айтуынша, Қазақстан КВИ таралу қарқыны бойынша қайтадан «қызыл» аймақта, сондықтан қалалар арасындағы қозғалысқа тыйым салынды. Бұл жалған, деп хабарлайды stopfake.kz.

Бұл ақпаратты Санитарлық-эпидемиялық бақылау комитеті жоққа шығарды.

– Бұл жалған ақпарат. Бүгінгі таңда кейбір аймақтарда эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты карантиндік шаралар күшейтілді. Олар сауда орталықтарының, дәмханалардың, барлардың жұмыс уақытын қысқартуға, қоғамдық көліктердің дезинфекциялау уақытын ұлғайтуға және т.б. қатысты. Ел аумағында локдаун енгізілмейді. Қалалар арасындағы ұшулар мен жерүсті қалааралық көлік штаттық режимде жұмыс істейді. Блокпосттар қойылмаған, – деп хабарлады ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Бүгінгі таңда Қазақстанда Үндістанда алғаш рет табылған Delta-штаммның таралуына байланысты КВИ-мен сырқаттанушылықтың өсуі тіркелуде.
Коронавирустың таралу қарқыны бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары «қызыл аймаққа» кірді. «Сары аймақта» – Шымкент, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Маңғыстау облыстары. Қалған өңірлер «жасыл аймақта».

29 маусым 2021, 14:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.