Атырау, 2 мамыр 06:24
 ашықВ Атырау +20
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Қазақстанда аяқ-киімді цифрлық таңбалау 1 қарашадан бастап міндеттеледі

2 013 просмотра

Қазақстанда аяқ-киімді цифрлық таңбалау 1 қарашадан бастап міндеттеледі, деп хабарлайды zakon.kz.

Шешім осы сала өкілдері кеңесінде қабылданды. 2021 жылдың 1 қарашасынан бастап таңбаланбаған аяқ-киімдерді өндіруге және елімізге әкелуге тыйым салынады.

Бөлшек саудадағы бизнес өкілдеріне қосымша бір жыл беріледі, яғни 2022 жылдың 1 қарашасына дейін таңбаланбаған тауарларды сатуға мүмкіндік болады.

Бизнесте инновацияға дайындалуы үшін бес ай уақыты бар, ал таңбаланбаған тауарларды сату үшін бір жылдан астам уақыт беріледі. Кәсіпкерлерге цифрлық таңбалау бойынша сенім телефоны тәулік бойына жұмыс істейді. Цифрлық экономиканы дамыту орталығы үнемі мамандандырылған веб-семинарлар өткізеді және сала өкілдеріне жеке консультациялар ұсынады. Аяқ-киімді таңбалау туралы пайдалы ақпарат мамандандырылған markirovka.kz порталында орналастырылған. Сондықтан әр өндіруші мен импортшы нарықта жұмыс істеудің жаңа ережелеріне мұқият дайындалуға мүмкіндігі мен уақыты бар, - деді Цифрлық экономиканы дамыту орталығының бас директоры Бикеш Құрманғалиева.

Кеден қоймалары да міндетті цифрлық таңбалауды енгізуге дайындалуда.

28 маусым 2021, 11:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.