Атырау, 23 желтоқсан 09:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Оралда автобустағы жанжал жаппай төбелеске ұласты

Бейнежазба
2 661 рет қаралды

Оралда автобус салонында жанжалдасқандар аялдамаға шығып алып, жаппай төбелес шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Куәгерлер түсірген видео кадрларынан ер адамдарды оқиға орнына келген полицейлер ажыратқанын көруге болады. Алайда оларға да құлақ асар ешкім болмаған. 

БҚО полиция департаменті өкілдері оқиға 27 маусымда сағат 16.00-де болғанын хабарлады. Автобус аялдамасының маңында бірнеше адам бұзақылық әрекет жасаған. Автобус салонында 23 және 38 жастағы ер адамдар жанжалдасқан.

"Ерегес төбелеске ұласып, көшеде жалғасты. Бес адам Абай полиция бөліміне жеткізілді. Төбелескен екі адам мас болған. Олар уақытша бейімделу және детоксикация орталығына жатқызылды", - деді полицейлер.

Оқиғадан ешкім зардап шекпегені анықталды. Қазір оларды ұсақ бұзақылық үшін жауапқа тарту мәселесі қарастырылып жатыр.

28 маусым 2021, 11:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.