Атырау, 23 желтоқсан 09:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Capital Bank Kazakhstan лицензиясынан айырылды

2 850 рет қаралды

Қазақстан қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Capital Bank Kazakhstan АҚ-ын банк және өзге де операция жүргізу лицензиясынан айырды, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Агенттіктің мәліметінше, оған төмендегі жайттар себеп болған:

пруденциалды нормативтерді (Ұлттық банк бекіткен көрсеткіштер) жүйелі түрде бұзу;

қадағалап ден қою шараларын жүйелі түрде орындамау;

уәкілетті органның қосымша капиталдандыру жөніндегі талаптарын орындамау;

төлем қабілеті төмен банктер қатарына енгізілуі.

Ақпаратқа қарағанда, банк активтері 38,5 млрд теңгені құрайды. Қарыз портфелі – 33,9 млрд теңге. Оның 90 пайызға жуығы 90 күннен астам мерзімі өткен жұмыс істемейтін кредиттерден тұрады. Банктің ликвидті активі – 149 млн теңге. Атқарылмаған клиент төлемдері 15 млрд теңгеден асады.

Банк салымшылары депозитінің 99 пайызын "Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры" АҚ толық өтейді.

Қазір банкте уақытша әкімшілік тағайындалып, басқару соның қолына өткен.

Былтыр қыркүйек айында Tengri Bank те осыған ұқсас себептермен лицензиясынан айырылған еді.

25 маусым 2021, 14:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.