Атырау, 23 желтоқсан 09:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Қазақстанда локдаун болмайды - Тоғжанов

3 154 рет қаралды

Вице-премьер Ералы Тоғжанов коронавирустың "үнді" штамының анықталуына байланысты Қазақстанда локдаун жарияланбайтынын айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Қазақстанда локдаун енгізу мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ. Бұған дейін, ведомствоаралық комиссияның отырысында біз шектеулер туралы ұсыныстарды алға тартқан болатынбыз. Бұдан арғы жағдайды эпидемиологиялық ахуал анықтайды, - деді Ералы Тоғжанов ӨКҚ-да өткен брифингіде.

Коронавирустың "үнді" штаммы қазірдің өзінде Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында анықталған.

Бұған дейін Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин осы штамды жұқтырған науқас туралы айтқан болатын.

22 маусымда ведомствоаралық комиссия Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігеріне карантиндік режим бойынша қосымша шаралар қабылдауды ұсынды.

23 маусым 2021, 16:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.