Атырау, 29 наурыз 18:48
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

"Конституция бұзылғанын көріп тұрғаным жоқ" - вице-премьер вакцинаның жаңа ережелері туралы

2 708 просмотра

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов елімізде міндетті вакцинация туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сіз ұсынған міндетті вакцинация туралы шаралар вакцина салдырмаған адамдардың құқын таптайды деген пікір бар. Осыны қалай түсіндіре аласыз? Бұл вакцинаның жалған төлқұжаттарын жасаудың өсуіне себеп болады деп ойлайсыз ба?", - деп сұрады журналистер ОКҚ онлайн-брифингінде.

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов сұраққа жауабында бұл қабылданған шаралар барлық адамға емес, тек қызмет көрсету саласына қатысты екенін айтты. 

"Бірінші кезекте баршаңызға еске салғым келеді, Конституцияның 29-бабы бойынша, біз халық денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндеттіміз. Сондықтан біз қабылдаған шаралар барлық адамға емес, қызмет көрсету саласына қатысты. Күн сайын көптеген адаммен байланысқа түсетіндерге қатысты. Адамдардың бұл санаты қызмет алуға келетіндерге үлкен қауіп төндіруі мүмкін", - деп жауап берді Тоғжанов.

Сонымен қатар, ол қабылданған шаралар бірінші кезекте шағын және орта бизнеске қатысты екенін айтты. 

"Мұнда ең бастысы жұмысты тоқтатпау, бұл "Атамекеннің" өтініші еді, біз оны қолдадық. Сондықтан осындай шешім шығардық. Сондықтан мұнда конституциялық құқықтардың бұзылғанын көріп тұрғаным жоқ. Біз қарсы көрсеткіштерді қоспағанда, таңдауға мүмкіндік беріп отырмыз. Вакцинадан бас тартатын адамдар санаты бар, олар ПТР-тест тапсыруы керек. Біз қауіпке жол бере алмаймыз, әсіресе көрші елдерде не болып жатқанын ескере отырып, біз халықтың денсаулығына, қауіпсіздігіне қауіп төндіре алмаймыз", - деді премьер-министрдің орынбасары.

Вакцина төлқұжатын қолдан жасау туралы сұраққа Тоғжанов жағдай құқық қорғау органдарының бақылауында екенін, заң бұзылса, "ең қатаң шаралар қабылданатынын" айтты.

23 маусым 2021, 16:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.