Атырау, 23 ақпан 15:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.66
€ 581.87
₽ 6.43

Қазақстандықтар шілде айында неше күн демалады

2 407 рет қаралды

Шілде айында қазақстандықтар 11 күн демалатын болады, деп хабарлайды zakon.kz.

6 шілдеде Қазақстан Астана күнін атап өтеді. Мереке сейсенбіге келеді, бұл қосымша бір демалыс күні болып саналады, бірақ үкімет қатарынан үш күн демалу үшін жұмыс күнін 5 шілдеден 3 шілдеге ауыстырды.

Осы жағынан алғанда:

- бес күндіктер үшін 3 шілде - жұмыс күні, 4, 5, 6 шілде - демалыс
- алты күн жұмыс істейтіндер үшін 3 шілде - жұмыс күні, 4 шілде - демалыс, 5 шілде - жұмыс күні, 6 шілде - демалыс.

Сонымен қатар, Құрбан-айт 20 шілдеге келеді . Ол сейсенбіге сәйкес келеді, бұл қосымша тағы бір демалыс күні болып саналады, бірақ ол күн ауыстырылмайды.

22 маусым 2021, 10:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.