Атырау, 19 сәуір 14:31
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Қазақстанда карантин талаптары күшейтілуі мүмкін

2 149 просмотра

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирустың үнді штамына байланысты Қазақстанда карантин күшейтілуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Қазақстандағы санитариялық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты, алайда Нұр-Сұлтанда үнді штамы табылды деген күдік бар.  

"Вирустың репродуктивті индексі 1-ге тең, бірақ біз әлемде және шекаралас елдерде жағдайдың қандай екенін көріп отырмыз. Яғни, коронавирустың жаңа штамдары тез тарайды. Нұр-Сұлтанда скрининг жүргізілді, сондықтан мұнда Цой (Алексей - денсаулық сақтау министрі. - автор.) дельта-штамм (үнді штамы) барын айтты. Осыған байланысты өңір әкімдері ахуалды бақылауға алуы тиіс. Бүгінгі таңда ВАК отырыс өткізіп, Нұр-Сұлтан қаласында және басқа да өңірлерде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды күшейту жөніндегі шараларды қарайды", - деді Тоғжанов Үкімет отырысында.

Ол адам көп жиналатын жерде қашықтық сақталуы керек екенін де айтты.

"Адамдар жеке қорғаныс құралдарын қолдануы керек, сонымен қатар, барлық аймақта мониторингтік топтардың жұмысын күшейту қажет, ал қоғамдық орындарға келгендер қорғаныс шараларын қатаң сақтауы тиіс. Сондай-ақ, Ashyq қосымшасы бойынша өтіңіздер. Өңір әкімдері, барлық мемлекеттік орган осы жағдайды бақылауы тиіс", - деді Тоғжанов.

22 маусым 2021, 09:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.