Атырау, 16 сәуір 12:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

Есеп комитетінің басшысы Қаржы министрлігін сынға алды

2 258 просмотра

Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова Қаржы министрлігін депутаттарға аудит бойынша ескертпелеріне қатысты түсінік бере алмғаны үшін сынға алды, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіруге арналған резервтер бар. Салықтық тексерулердің тиімділігін арттыру, кедендік статистикадағы сәйкессіздіктерді азайту жағынан сапалы өзгерістерді байқап отырмыз. Артық төленген жағдайлар мәселелері де шешілген жоқ. Сонымен бірге уәкілетті мемлекеттік орган ескертулер бойынша не аудиторлық органға, не Мәжіліс депутаттарына, не Сенат депутаттарына түсініктеме бере алмады. Бірақ оның орнына баспасөз арқылы өз-өзін жақсы көрсетуді дұрыс деп шешкен секілді. Шамасы, мәселенің күрделілігіне және оқырмандардың кәсіби мәліметтерді жете түсіне бермейтіндігіне барынша сенім артқан секілді олар, - деді Наталья Годунова Парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Осыған қарамастан, ол кемшіліктер мен бұзушылықтар жойылмады деді. Олардың барлығы аудиторлық дәлелдемелермен расталған.

Бірақ бюджеттік саясатты реформалау керек! Ашықтықты, есеп берушілікті арттыру және бизнеске мемлекеттік көмек тетіктерін қайта қарау арқылы. Атап айтқанда, тиімсіз салық жеңілдіктерін жою және оларды жүйелеу, көлеңкелі экономикаға және салық төлеуден жалтаруға қарсы дәйекті күрес арқылы салық базасын кеңейту бойынша шаралар қабылдау арқылы, деп сөзін толықтырды Есеп комитетінің басшысы.
21 маусым 2021, 14:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.