Атырау, 26 сәуір 08:14
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Цой отставкаға кете ме?

1 882 просмотра

Осы жылдың қыркүйегінде 10 млн қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алуы тиіс. Жоспар орындалмаса Денсаулық сақтау министрі отставкаға кете ме? Бұл сауалға ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың өзі жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында БАҚ өкілдері министрінен: «қыркүйекте 10 млн қазақстандық коронавирусқа қарсы вацина алмаса отставкаға кетесіз бе?» деп сұраған болатын. 

«Барлығы еліміздің әрбір азаматына, оның түсінуіне байланысты екендігін айтқым келеді. Вакцинация – ерікті. Бұл орайда біз ешкімді де мәжбүрлей алмаймыз. Тек түсіндіру саясатын, тек ақпараттық қолдау ғана жүргіземіз. Оның үстіне сіздерді де ел азаматтарының барынша көпшілігін вакцинамен қамту үшін көмектесуге шақырамыз», - деді Алексей Цой. 

Сонымен қатар ол Үкіметтің кез келген мүшесінің жұмысына Мемлекет басшысы баға беретіндігін атап өтті. 

«Үкіметтің әрбір мүшесіне қатысты кез келген мәселе Мемлекет басшысына байланысты. Сондықтан жұмыс қалай бағаланса, солай шешім қабылданатын болады», - деді Алексей Цой.

16 маусым 2021, 14:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.