Атырау, 25 сәуір 22:18
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Қазақстанның вакциналау паспорты қай елдерде мойындалады

1 992 просмотра

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандық вакциналау паспорты үш елде мойындалатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазір үш ел екіжақты форматта вакциналау паспорттарын өзара мойындау туралы ниет білдірді. Олар – Моңғолия, Венгрия, Таиланд. Біз қазір олармен жұмыс істеп жатырмыз. Бұдан бөлек, Түркия, Кипр және барлық елдің вакциналау паспортын мойындайтын елдер және тағы басқалары", - деді Цой баспасөз мәслихатында.

Ол қазір сыртқы істер министрлігі серіктес елдермен вакциналау паспорттарын өзара мойындау мәселесін пысықтап жатқанын атап өтті.

Бірақ, министрдің айтуынша, кез келген елге ПТР-анықтамамен кіруге болады, сол себепті ковид паспорттарына тіреліп қалудың қажеті жоқ.

"Егер қолыңызда вирус жұқтырмағаныңыз туралы ПТР-тест нәтижесі болса, елге тып-тыныш кіре аласыз. Сондықтан бұл жерде еш проблема болмауға тиіс", - деді ведомство басшысы.

Бұған дейін Қазақстан Венгрия, Таиланд және Моңғолияның вакцина салдырған азаматтарына елге кіруге рұқсат етті.

16 маусым 2021, 14:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.