Атырау, 25 сәуір 11:09
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

"Мен оны Қазақстанда соттатамын": Томирис Байсафаның анасы Меджидов туралы

1 816 просмотра

Мәскеуде қайтыс болған Томирис Байсафаның анасы Жанна Ахметова Дағыстанның экс-премьер-министрі Мұртазәлі Меджидовтің сотта ақталған ұлын Қазақстанда соттауға ниетті екенін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Олар жеңді, енді тыныш отырсақ дейтін болар. Тыныш деген болмайды. Шулатамын әлі. Бәріне барамын, оны Қазақстанда соттатамын. Біз оны осында әкелмесек те, соттай аламыз, - деді ол "7 студия" жобасына берген сұқбатында.

Оның айтуынша, қазір бұл мәселемен адвокаттар айналысып жатыр.

Болашақта біз оны Интерполға береміз, өмірінде ешқашан Ресейден шыға алмайтын болады. Мұндай жағдайлар бар. Мұны Ресейде де жасап жатыр. Мұндай прецеденттер бар, мен оны өз елімізде жасағым келеді, - деді Жанна Ахметова.

Сондай-ақ ол Меджидовтар отбасынан ақша алды деген қауесетті жоққа шығарды.

Меджидовтың адвокаттарынан бұрынғы жұбайыма қоңырау келіп түскен, ол рас. Күйеуіме: "Ол бұрынғы әйелің, қызың да сенікі емес, мүмкін қарсы куәлік бересіз осында келіп" депті. Бізде оның скриншоттары, аудио жазбасы бар. Әрине, ол: "Жігіттер, өздеріңнің естерің дұрыс па" деген. Сондықтан олар олай айта алмайды (мені ақша алды деп - ред.)
Жанна Ахметова

Егер. шынымен де ақша алды деген сөз шығып жатса, Томиристің анасы атап өткендей, онда ол жала жапқаны үшін сотқа жүгінбекші.

Олар ақшаны бұрынғы күйеуіме аударған сияқты етіп көрсетуі мүмкін. Бірақ қылмыстық істі жаба алмайды,тіпті мен кешірсем де, іс жабылмайды, - дейді Жанна Ахметова.

Бұл іс бойынша сот процесі Мәскеуде өтті. Істі алқабилер қарады. 7 маусымда алқабилер Меджидовты кінәсіз деп тапты.

Сот марқұмның туыстарының сотталушыдан 30 миллион рубль өтемақы өндіріп алу туралы азаматтық талаптарын қанағаттандырмады.

15 маусым 2021, 15:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.